Астанада жолаушылар автобусы жарық бағанына соғылды

Тамыз 21, 2026 - 14:50
chat_bubble  0 visibility  1
Астанада жолаушылар автобусы жарық бағанына соғылды
Фото: Видеодан скрин

Астанада жолаушылар автобусы Ардагерлер көшесіндегі жарық бағанасына соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Желіде оқиға орнында түсірілген кадрлар жарияланды. Фотодан автобустың соқтығысқаннан кейін тоқтап тұрған сәті мен оған құлаған жарық бағанасын байқауға болады.

Жазба авторы апаттан кейін оқиға орнына жедел жәрдем көлігі келгенін, алайда зардап шеккендер болмағанын айтады.

"Биыл 20 тамызда "Yutong" маркалы автобустың жүргізушісі Ардагерлер көшесімен келе жатып, рульге ие бола алмай, жарық бағанасына соғылды", - деп хабарлады Астана қаласының патрульдік полициясы.

Ведомство өкілдері апат салдарынан ешкім зардап шекпегенін мәлімдеді. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астана қаласының iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығы жол-көлік оқиғасынан кейін мамандар зақымданған нысанды қалпына келтіргенін мәлім етті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0