Астанадағы тұрғын үйлердің бірін 2-қабатқа дейін су басып қалған (ВИДЕО)

Мамыр 23, 2025 - 15:58
Астанадағы тұрғын үйлердің бірін 2-қабатқа дейін су басып қалған (ВИДЕО)

Желіде Астана қаласындағы "Жаңа Арқа" тұрғын үй кешенін су басып қалғаны жайлы видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тұрғындардың бірі әкімдікке видео-үндеу ретінде жолдамақ болып түсірген. Оның айтуынша су өздері тұрып жатқан тұрғын үйдің жер төлесіне кіріп жатыр. Аталған тұрғын үйдің құрылысы да әлі аяқталмай тұрған көрінеді. 

"Әкімдік, өтінемін бір шара қолданыңыздаршы. Мұнда масалар, егеуқұйрықтар, жақында су асты құндыздары пайда болады. Бұл "Жаңа Арқа" тұрғын үй кешені. Қордай 87,89. Су екінші қабатқа дейін көтеріліп тұр. Қоршауларының өзі су өткен соң бұзылып тұр. Үйіміз пандуста орналасқан. Судың барлығы жертөлемізге өтіп жатыр. Құрылыстың қалдықтары жел тұрған сайын ұшып, жерге түседі. Оны балалар ұстайды, аузына салады", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow