Қылмыстық іс қозғады: Путин Астана көшелерімен өтіп бара жатқанда Украина туы көрсетілген

Қараша 28, 2024 - 11:34
Қараша 28, 2024 - 12:29
Қылмыстық іс қозғады: Путин Астана көшелерімен өтіп бара жатқанда Украина туы көрсетілген

Кеше әлеуметтік желіні дүрліктірген суреттің ізімен Қазақстанның ішкі істер министрлігі бүгін іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, «Керуен Медиа» ЖШС-не қатысты оқиға бойынша ішкі істер министрлігі тергеу амалдарын бастаған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық ықтимал нұсқалары, оның ішінде техникалық ақаулар мен жабдықтың жұмысына сырттан заңсыз араласу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.

- Қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайлар анықталуда. Заңсыз әрекетке барғандар жауапқа тартылатын болады, – делінген хабарламада.

Әлеуметтік желіде Астанадағы лэд-экрандардың бірінде Ресей туының орнына Украина туы қойылғаны түсірілген видео тараған. Сол оқиға алдында ғана Астанаға Ресей президенті Владимир Путин ұшып келген еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow