«Ат айналып қазығын табады»: Тұрсынбек пен Мөлдірдің бірге жүрген суреті тарады (ФОТО)
Әлеуметтік желіде танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен продюсер Мөлдір Мұқанның бірге түскен суреті тарап, көпшілікті ойландырып қойды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Жақын күндері продюсер, әнші Мөлдір Мұқан іссапармен Қырғызстанға барған еді. Көп ұзамай әлеуметтік желілерде оның Тұрсынбек Қабатовпен бірге түскен суреті тарап, қоғамның қызу талқысына түсті.
Желі қолданушылары екеуінің қайта қосылғанын жақсылыққа балап, қуанышын білдірсе, енді бірі мұны нақты дәлел ретінде қабылдауға асықпау керегін жазды.
Әзірге Мөлдір Мұқан да, Тұрсынбек Қабатов та бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ. Дегенмен көпшілік әзілкештің парақшасындағы суреттер мен соңғы жазбаларға қарап, олардың қарым-қатынасына қатысты түрлі болжам айтып жатыр.
Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызының да әлеуметтік желідегі парақшасының жоқ болып кетуі халықтың күмәнін туғызды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0