Атырау облысында әйелін ұрып-соқты деп айыпталған бұрынғы аудан әкімі сотталды

Ол екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Маусым 19, 2024 - 11:24
chat_bubble  0 visibility  127
Атырау облысында әйелін ұрып-соқты деп айыпталған бұрынғы аудан әкімі сотталды
Фото: dalanews

Сот үкімімен Атырау облысы Мақат ауданының бұрынғы әкімі Ринат Ибрагимов денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Сот бұрынғы әйелін соққыға жықты деп айыпталған бұрынғы аудан әкімі Ринат Ибрагимовқа қатысты үкім шығарды. Сот оны кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды.

Оған сағат 22.00-ден таңғы сағат 6-ға дейін тұрғылықты мекен жайы мен жұмыс орнын өз бетінше өзгертуге, облыстан және үйден шығуға тыйым салынды. Сонымен қатар алкогольді ішімдіктер тұтынылатын орындарға және ойын мекемелеріне баруға тыйым салынды.

Моральдық шығын ретінде жәбірленушінің пайдасына екі миллион теңге өндірілді.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0