Атырау облысында жас жігіт әке-шешесін өлтіріп, артынан өзіне қол салды
Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Атырау облысында жан түршігерлік қылмыс болды. 25 жастағы жігіт әке-шешесін өлтіріп, артынан өзіне қол салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қанды қылмысты полиция растады. Атырау облысы полиция департаменті адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Алдын-ала ақпарат бойынша 25 жастағы ер адам өзінің 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салған. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайларын жан-жақты анықтау мақсатында жедел-тергеу амалдары жүргіп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті.
Сіздің реакцияңыз қандай?