Атырау тұрғыны 146 грамм уылдырық үшін 3 жылға сотталып кетті

Сәуір 7, 2025 - 10:45
Атырау тұрғыны 146 грамм уылдырық үшін 3 жылға сотталып кетті

Атырау қаласының тұрғыны бекіре тұқымдас балық пен уылдырықты заңсыз сақтағаны үшін 3 жыл бас бостандығынан айырылды.

Атырау қаласы №2 сотында жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін заңсыз сақтаған әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды. Тергеу барысында оның тоңазытқышынан шамамен 90 келі бекіре балығы мен 146 грамм бекіре уылдырығы табылған.

Айыпталушы өзіне тағылған айыппен келіспей, ақтауын сұраған.

"Сот үкімімен К.Ж. өзіне тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, оған жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер, олардың бөліктері немесе туындыларымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға айырылу жазасы да тағайындалды", – делінген Атырау қаласы №2 сотының хабарламасында.

Сонымен қатар, жазасын өтеу мерзімі оның кәмелетке толмаған балалары 14 жасқа толғанға дейін 3 жылға кейінге шегерілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow