Атырау тұрғыны Қытайдан тапсырыс берген әмияннан ақша тауып алды

Атыраулық желі қолданушысы Pinduoduo-дан 900 теңгеге әмиян тапсырыс берген.

Желтоқсан 6, 2024 - 14:41
Атырау тұрғыны Қытайдан тапсырыс берген әмияннан ақша тауып алды
фото: әлеуметтік желіден

Қазақстандық қытайлық Pinduoduo маркетплейсінен әмиянға тапсырыс беріп, ішінен ақша тауып алғане, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атыраулық желі қолданушысы Pinduoduo-дан 900 теңгеге әмиян тапсырыс берген. Әмиян келген соң ішіндегі қағаздарын алып, орнына ақша салып жатқанда қалтасынан 500 юань тауып алған. Алайда ол табылған Қытай валютасының түпнұсқа немесе жалған екенін ажырата алмаған. Сөйтіп рас-өтірігін білу үшін валюта айырбастайтын пунктіге барған. Ол ақшаны ауыстырып жатқан сәтті видеоға түсіруге рұқсат сұрап, оқырманның өтінішімен видеоға түсірді.

«ШЫН АҚША ЕКЕН»

Қыздың “Мұнда 500 юань. Өтірік не шын екенін қарап бересіз бе?” деген өтінішіне ақша айырбастау пунктінің қызметкері ақшаның түпнұсқа екенін айтып, есептеп берді. Нәтижесінде 500 юань 32 500 теңгеге бағаланды.

«Достар, ақша шын болып шықты. Бірақ егер ақша жалған болған жағдайда полиция қызметкерлерін шақырамыз деп алдын ала ескертті. Қатысың болмаса да тергеу жүргізіледі екен. Бірақ ақша шын болып шықты. 65 теңгеден қабылдап жатыр. Мінекей, 32 500 теңге», – дейді бойжеткен.

ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ НЕ ДЕЙДІ

“Зауытта біреу ақшасын тығып, ұмытып кеткен ғой”, “Алла несібеңізді Қытайдан жіберіп тұр”, “Қашанғы қазақтар жем болып жүреді”, “Бәріміз әмиянға тапсырыс берейік”, “Жолың болды деген осы”, – деп жазып жатыр олар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow