Атырауда аудан әкімінің орынбасары көз жұмды
Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Иғали жол-көлік оқиғасынан қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қайғылы оқиға 26 мамыр күні Миялы – Сағыз тасжолында болған.
Қызметтік көлік аударылып, Ерболат Иғали оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші аман қалған.Марқұмның қазасын Атырау облысының әкімдігі растады.
"Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Иғалидің кенеттен қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ әріптестеріне қайғырып көңіл айтамыз", – деп хабарлады облыстық әкімдік.
Ерболат Иғали 1980 жылы Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын аудандық газетте тілші болып бастап, кейін мемлекеттік қызметте түрлі лауазым атқарған.
2023 жылдың қаңтарынан бері Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Маусым айында 46 жасқа толуы тиіс болған марқұмның артында бес баласы қалды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0