Атырауда ер адам жас қызды азаптап, видеосын желіге жариялаған
Атырауда 21 жастағы жігіт 19 жастағы қызды азаптады деген күдікпен ұсталды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды sadaq.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, желіде таралған хабарламаларға сәйкес, жас жігіт қызды бірнеше сағат бойы ұрып-соғып, азаптап, болған жағдайды видеоға түсірген. Ол кей кадрларды Instagram-да Stories-ке және Telegram желісінде жариялаған.
Атырау облыстық полиция департаменті тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабы ("Азаптау") бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлады. Күдікті анықталды және тергеу аясында қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.
Сонымен қатар Атырау қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2026 жылғы 9 наурыздағы қаулысымен ер адам ұсақ бұзақылық үшін және алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйде қоғамдық орында жүргені үшін кінәлі деп танылды.
Ол 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, 8 наурызда 19 жастағы қыз Атырау облыстық ауруханасының травматологи пунктіне жеткізілген.
Дәрігерлер тексеру кезінде оның қолында, аяқтарында және бетінде жеңіл жарақаттар бар екенін анықтады. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол амбулаториялық емдеуге жіберілді, оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.
Полиция Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпаратты жария етуге болмайтынын айтты.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0