Атырауда Яна Легкодимованың өліміне кінәлілер өмір бойына сотталды

Қараша 17, 2025 - 12:29
Атырауда Яна Легкодимованың өліміне кінәлілер өмір бойына сотталды
Фото: Яна Легкодимова/VK

Судья Зарема Хамидуллина 2025 жылдың 18 қыркүйегінде басталған Яна Легкодимованың азапты өліміне қатысты екі айға жуық сот процесінен кейін үкімді жариялады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бүгін мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот айыпталушылар Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимовке қатысты үкімін жариялады.

Сот шешімімен Қайыржанов пен Катимов ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 7 және 8-тармақтарында көзделген аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow