Атыраудағы қанды қылмыс: Күдікті Ақбаян Мұқанғалиева Алматыға жеткізілді
Атырау облысындағы Жангелдин ауылында бір отбасының қаза болуына қатысты тергеудің жаңа мәліметтері белгілі болды, деп хабарлайды Sadaq.kz. Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Өңірлік прокуратура мәліметінше, Ақбаян Мұқанғалиева Алматыдағы сот сараптамасы институтына жіберілген.
"Мұқанғалиева стационарлық кешенді сот-психолого-психиатриялық сараптама өткізу үшін Алматы бойынша сот сараптамасы институтына жіберілді. Оның қорытындысы әлі алынған жоқ", - деп хабарлады Атырау облысының прокуратурасы.
Бұған дейін күдікті сот санкциясымен Атырау облысындағы арнайы медициналық мекемеге орналастырылған болатын. Наурыздың соңында прокуратура өкілдері егер әйелден психикалық ауытқу белгілері анықталса, оған Алматыда сараптама тағайындалатынын түсіндірген еді.
Негізгі күдікті – отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевке де тергеу кешенді сот-психологиялық және психиатриялық сараптама тағайындаған. Екі фигурант бойынша да қорытынды әлі дайын емес.
"Күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты кешенді сот-психологиялық және психиатриялық сараптама тағайындалды (қорытындысы алынған жоқ)", - деп хабарлады прокуратура.
Алайда оның қай жерде сараптамадан өтіп жатқаны нақтыланбады
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0