Атыраудағы қылмыс: Наурыз бен Мейрамгүлдің мәйітінен үшкір заттың іздері анықталған

Наурыз 12, 2026 - 00:04
chat_bubble  0 visibility  2
Атыраудағы қылмыс: Наурыз бен Мейрамгүлдің мәйітінен  үшкір заттың іздері анықталған
Фото: Видеодан скрин

Атыраудағы «Геолог» ықшам ауданында үй іргесінен табылған Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның мүрдесінен үшкір заттың іздері байқалған, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Бұл туралы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов мәлімдеді.

Оның айтуынша, марқұмдардың нақты неден және қашан көз жұмғаны сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.

«Мүрделерде үшкір заттан болған жарақаттар бар. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деді Құттыбай Садықов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0