Атыраудағы базарда кәсіпкерді ұрып өлтірген адамға сот үкімі шықты

Желтоқсан 20, 2024 - 09:27
Атыраудағы базарда кәсіпкерді ұрып өлтірген адамға сот үкімі шықты
фото: әлеуметтік желіден

19 желтоқсанда Атырау қалалық №2 соты «Дина» базары алдында кісі қолынан қаза тапқан Амандық Сағынғалиевтың ісіне қатысты үкім шығарды. Үкімді судья Зауре Казакбай үкімді шығарды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша (қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтыру) айыпталған Мұхтар Ахмедов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. 

«Жазда қаладағы базарлардың бірінің аумағында жәбірленуші өз жүк көлігін басқара отырып, абайсызда жанында тұрған жеңіл автокөлікті зақымдаған. Сотталушы, жеңіл автокөліктің иесі, бұл жағдайға ашуланып, жәбірленушіге шабуыл жасап, әдейі бірнеше рет басына жұдырықпен соққы жасаған. Алынған жарақаттардан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды. Прокурор сотталушыға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушының кінәсі дәлелденді. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп мәлімдеді Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow