«Аула жабық болған»: Астанада болған өрт жайында ТМЖ мәлімдеме жасады
Астанада көпқабатты тұрғын үйде болған өрттен үш бала көз жұмды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт кезінде аулаға кіреберіс жабық болып, көліктермен толып тұрған, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінде түнгі өртке қатысты мән-жай айтылды. Құтқарушылардың хабарлауынша, тұрғын үй кешенінің ауласына кіреберіс темір қақпамен жабылған, ал аула автокөліктерге толы болған.
Төтенше жағдайлар департаментіні басшысының орынбасары Өміржан Түкүшевтің айтуынша, өрт сөндірушілер келген кезде пәтер толықтай жанып жатқан. Пәтер есігі жабық болғандықтан, құтқарушылар оны арнайы құралдардың көмегімен ашуға мәжбүр болған.
"Өрт дабылы мен хабарлау жүйесі іске қосылды, лифтілер бірінші қабатқа түсті. Соған қарамастан аулаға кіреберіс жабық болды, аула көліктермен толып тұрды. Дегенмен, ТЖД күштері өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол бермеді", – делінген ресми хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0