Автобуста қыздың әуретті жерін ұстаған: полиция күдіктіні қолға түсірді

Бұған дейін бәз біреудің қоғамдық көлікте қыздың бөксесін ұстағаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған болатын.

Ақпан 4, 2025 - 10:15
Автобуста қыздың әуретті жерін ұстаған: полиция күдіктіні қолға түсірді
фото: видеодан скриншот

Видеода қыз қорыққанынан келесі аялдамада шығып кеткенін көруге болады. Қырғызстанда қыздың әуретті жерін ұстаған күдіктіні полицейлер тауып, оның кім екенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «АКИpress» порталына сілтеме жасап.

Бішкек қалалық ІІБ баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті 1989 жылы туған Қ.А. есімді азамат.

Полиция бөлімшесіне баруын өтінген кезде ол қарсылық көрсетіп, полиция қызметкерлерін балағаттай бастаған.

 Сондықтан ол Ленин аудандық ІІБ-не жеткізіліп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы камераға қамалды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow