«Әйелдің жауы – әйел...»: Мөлдір Мұқанның киносын сынаған әнші жұртқа жақпай қалды
Ол видео жариялап, кино көңілінен шықпағанын айтқан.
Әзілкеш, актер Қайрат Әділгерейдің жұбайы, әнші Бақыт Тұрман продюсер Мөлдір Мұқанның киносын сынады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол видео жариялап, кино көңілінен шықпағанын айтқан.
«Мөлдір Мұқанның подкастын бәріміз қарап шықтық қой. Подкастта айтылған дүниелер кинода көрініс тапқан. Кино туралы ойымды айтатын болсам, ең алдымен байқалған нәрсе – актерлік құрам әлсіз. Көзге таныс емес, тәжірибесі аз адамдар, тіпті танымайтын адамдар жүр. Мөлдірдің жақындары шығар, білмеймін. Тек Ақерке Арыс ғана рөлін сүйреп алып шыққан, оның өзі кәсіби актриса емес. Соның арқасында күлкілі сценалар шыққан. Ал жалпы юмор да, сатира да жоқ. Блогерлердің басын қосқандай әсер қалдырды. Миллиард жинайтын деңгейдегі фильм деп айту қиын», – дейді ол.
Алайда әншінің бұл әрекеті желі қолданушыларына жақпай қалды.
«Әйелдің жауы – әйел», «Ұнамаса, үндемей-ақ қоймадыңыз ба», «Мөлдірді қызғанып отыр», «Сізге деген көзқарасым өзгерді», деп жазды желі қолданушылары.
Сіздің реакцияңыз қандай?