«Әйелімнен күдіктенемін»: «Шаншар» театрының актері күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Тамыз 20, 2025 - 10:58
chat_bubble  0 visibility  1.1k
«Әйелімнен күдіктенемін»: «Шаншар» театрының актері күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

"Шаншар" театрының актері Ғалымжан Қаппаров бір сұхбатында отбасылық қызықтарын айтып, көпшілікке беймәлім құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды sadaq.kz.

«Төрт ұлым бар. Ең қызығы — олардың ешқайсысы маған ұқсамаған. Төртеуінің де өңі ашық, өзі жіңішке келген.

Үйге келген кісілердің бәрі: "Балаларың саған мүлде ұқсамайды ғой" деп айта береді. Адам әр жолы сол сөзді естігенде біртүрлі күйге түседі екен.

Кейде өзім де әйелімнен күдіктенгендей болдым. Бірақ күдіктенуге еш негіз жоқ еді — ол күндіз де, түнде де жанымда.

Төрт ұлдан кейін арнайы туу күнтізбесін қолданып, қыз күткенбіз. Аллаға шүкір, қазір өзімнен айнымайтын қызым бар. Өзім оны қалжыңдап "Тайсонның қыз нұсқасы" деп атаймын», — деп күлді актер Ғалымжан Қаппаров.

@sky_panda7 Әңгіме???? #fyp #кино #юмор #әзіл #подкаст #funnymoments #әңгіме ♬ оригинальный звук - PANDA®

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 1
👎 Ұнамады 2
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 1
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 1
😮 Жарайсың 0