Әйгілі инжернер – Дінмұхамед Қонаевтың жиені өмірден өтті
Қазақстан энергетика саласының көрнекті маманы, мемлекеттік қызметкер, ХХ ғасырдың әйгілі инженері Алтай Қадыржанов өмірден өтті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қаралы хабарды Дінмұхамед Қонаев халықаралық қоры естіртті.
Алтай Қадыржанов — СССР құрметті энергетигі, "Құрмет" орденінің иегері, ХХ ғасырдың көрнекті инженері.
Қордың хабарлауынша, оның басшылығымен ірі энергетикалық нысандар дамып, жылу және электрмен қамтамасыз ету жүйелері жүйеленген.
«Ол елдің энергетикалық жүйесін құруға үлес қосқан ұрпақтың өкілі болды. Оның кәсіби жолы — елге адал қызмет, принципшілдік және жауапкершілікке негізделген, жеке амбицияға емес, Отанға қызмет етуге бағытталған. Дінмұхамед Қонаевтың інісі болғанына қарамастан, ол ешқандай артықшылыққа жол бермей, беделін тек еңбегі, білімі мен ісімен көрсетті. Алтай Қамалұлы инженер және басшы ғана емес, кең дүниетанымды адам, меценат еді. Ол қиын жылдары мәдениет, ғылым және ұлттық бастамаларды қолдады. Ол әрқашан әріптестері, шәкірттері және оны жеке білетін адамдардың есінде қалмақ. Қайғысына ортақпыз: отбасына, туыстарына және Қазақстанның энергетика қауымдастығына көңіл айтамыз», – делінген хабарламада.
Алтай Қадыржанов 83 жасында өмірден өтті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0