«Айтуға дайын емес»: Каспийде аман қалған сарбаздың ағасы мәлімдеме жасады

Қыркүйек 28, 2026 - 10:39
chat_bubble  0 visibility  11
«Айтуға дайын емес»: Каспийде аман қалған сарбаздың ағасы мәлімдеме жасады
Фото: instagram/udalov22

Каспийдегі қайғылы оқиға кезінде аман қалған әскери қызметші Никита Удаловтың туыстары мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ағасының айтуынша, Никита әзірге болған жағдай туралы айтуға дайын емес.

"Никита өзін-өзі аман алып қалды. Қайғылы оқиға кезінде ол бағдар тауып, жағаға жете алды және аман қалды. Қазір көпшілік оның мұны қалай істегені және нақты не болғаны туралы сұрақтар қоюда. Алайда ол әзірге бұл туралы айтуға дайын емес. Біз оның бұл шешімін түсіністікпен қабылдаймыз. Ол болған оқиғаны бір күнде ұмыту мүмкін емес екенін жақсы түсінеді. Қазір ол көпшіліктің алдына шығып, сұхбат бергісі келмейді әрі болған жайттың егжей-тегжейін баяндауға дайын емес. Біз сіздерден осы шешімін құрметтеуді сұраймыз.

Өтінеміз, оның атынан түрлі оқиғаларды ойдан шығармаңыздар. Расталмаған ақпаратты таратпаңыздар. Оның онсыз да ауыр жағдайын одан әрі қиындатпаңыздар. Біз адамдардың шындықты білгісі келетінін түсінеміз. Бірақ Никита үшін қазір ең бастысы – есін жиып, өзіне келу. Сондай-ақ біз жоғалтқан 14 азамат туралы естелік орынсыз әңгімелер мен бос сөздердің арасында жоғалып кетпеуі керек", – делінген мәлімдемеде.

Естеріңізге сала кетейік, 24 қыркүйекте оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райының күрт нашарлауы мен екпінді жел тұруының салдарынан Каспий теңізіне 17 әскери қызметші кетіп, олардың 14-і қаза тапқаны хабарланды.

Күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Каспийдегі қайғылы оқиға кезінде аман қалған Никита Удалов пен тағы екі әскери қызметшіні "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0