«Ажырасқан әйелді алған еркектің несібесі артады» - актер

Байқасам сондай адамдар жетістікке жетеді. Оны айналамнан көп көріп жүрмін.

Қыркүйек 5, 2024 - 10:42
Қыркүйек 5, 2024 - 10:43
«Ажырасқан әйелді алған еркектің несібесі артады» - актер

Желіде белгілі актер Бауыржан Сатовтың ажырасқан әйелге қатысты айтқан пікірі тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz. 

«Ажырасқан, баласы бар әйелді алған ер азаматтың несібесі көп болады. Олар ішіндегі саяз ойларын алып тастап, жүрегіне кеңдік беріп үйленеді. Ол әркімнің қолынан келе бермейді. Баласы бар болса да қарамай жатамыз. Ал ондай адамға Алла ризық береді. Ол өзіне, әйеліне, баласына ризық алады. Байқасам сондай адамдар жетістікке жетеді. Оны айналамнан көп көріп жүрмін», деді актер.

Ал желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

«Ажырассам қалай болады деген әйелге мотивация беріп отырсың», «Ер адамға лайық сөз айттың», «Терең ойлайтын адамдар бар екен», «Өз баласы мен әйелін тастап, басқа әйелді баласымен алған еркек туралы не айтасың?», «Одан да керек емес. Бұрынғы күйеуімен арласады, балалар өз әкесіне барады. Өз басымнан өтті», деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow