Азия чемпионаты: Айбек пен Нұрбек Оралбай финалға шықты

Сәуір 7, 2026 - 12:31
chat_bubble  0 visibility  0
Азия чемпионаты: Айбек пен Нұрбек Оралбай финалға шықты
Фото: әлеуметтік желі

Қазақ боксындағы егіздер Айбек пен Нұрбек Оралбай бокстан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Нұрбек Оралбай 85 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында моңғолиялық Бариахан Доржбен қолғап түйістірді. Алғашқы раундта жерлесіміз қарсыласын нокдаунға түсіріп, басымдыққа ие болды. Екінші және үшінші раундта да үстемдік еткен Нұрбек Оралбай төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Нұрбек Оралбай финалға жолдама алды.

Ал Айбек Оралбай 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде финалға жолдама алды. Жартылай финалда Оралбай Түрікменстан өкілі Довлет Исламовты сенімді түрде жеңді. Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен басым түсті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0