Ақмола облысында тұрғын көрші әйелді аяусыз соққыға жығып, балаларын бауыздаймын деп қорқытқан

Қазан 21, 2024 - 11:29
Қазан 21, 2024 - 15:52
Ақмола облысында тұрғын көрші әйелді аяусыз соққыға жығып, балаларын бауыздаймын деп қорқытқан

Ақмола облысында бұрын сотты болған ер адам көрші әйелді ұрып, басын жарып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«НеМолчи» хабарлағандай, зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйел балаларымен бірге Астана маңындағы қалада тұратын әпкесінің жер үйіне көмектесуге келген. Оның әпкесі омыраудағы баласымен ауруханаға түсіп қалған. 14 қазанның түнінде қолында пышағы бар ер кісі үйге басып кіреді де, әйелді өлімші етіп сабап, басын жарып, пышақпен түрткілеген. Балаларды іздеп, бауыздап тастайтынын айтқан және әйелге «берілсең ештеңе болмайтын еді» деген. Әйел жуынатын бөлмеге барып тығылып, полиция мен күйеуіне хабарласып үлгерген. Жұбайы полициядан бұрын жетіп, әйелін құтқарған.

Қазір полиция Қылмыстық кодекстің 149-бабы, яғни, «Тұрғын-жайға қол сұқпау» бойынша іс қозғаған. Аталған баппен күдіктіге айыппұл салу, түзету жұмыстары не болмаса 50 тәулікке қамау жазасын береді.

«НеМолчи» қоры ер адамның адам өлтіруге оқталуы не қорқыту, зорлауға, ұрлық жасауға оқталу әрекеттері болғандықтан, әйелдің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіргендіктен, бұл бап бойынша жазасы тым жеңіл деп санайды.

«Мына детальдар маңызды: ол өзінің іс-әркетін жақсылап ойластырған. Қатты агрессивті күйде тұрғанына қарамастан, есікті бұзып кірерде жанында тұрған үлкен терезеден көрініп қалмау үшін тығылыа келген», - деп жазылды хабарламада.

Күдіктінің анасының айтуынша, ер адам әуелі өз үйіне барып көлігін жөндетуге ақша беруін талап етеді. Ақшаны ала алмаған соң, қолына пышақ алып, көршісінің үйіне кеткен. Оның үстіне ол бұрын ұрлық жасап, сотталып шыққан адам. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow