Ақтүтек боран: Астанадан шығатын жолдар жабылып, қалааралық автобустар тоқтап жатыр

Ақпан 14, 2024 - 09:58
 0  128
Ақтүтек боран: Астанадан шығатын жолдар жабылып, қалааралық автобустар тоқтап жатыр
Коллаж: Azattyq Ruhy

Астанадан шығатын екі жол жабылып, қала маңына қатынайтын автобустар жүрмей қалды. 

Таңғы 6:00 кезінде қалалық төтенше жағдай департаменті «Астана-Ерейментау-Шідерті» тасжолының 16-200 шақырым аралығы, Астанадан Павлодар облысы шекарасына дейін жабылғанын хабарлады.

Сонымен бірге «Астана-Петропавл» жолының 18-232 шақырым аралығында да қозғалысқа тыйым алынған. Ол — Астанадан Щучье қаласына апаратын жол.   

Оған себеп — күшті жел, боран, жолда 50 метрге дейін ештеңе көрінбейді. 

Осыған байланысты City Transportation Systems компаниясы таңғы 07:00 бастап қала маңына қатынайтын № 305, 309, 312, 315, 316, 317, 327, 329 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтайтынын мәлімдеді.

Қала маңына жүретін өзге маршруттар линияда.  

Еске сала кетейік, бүгін елордалық 0-4 сынып оқушылары үйден оқып жатыр. 

inform.kz

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0