Барлыбай Сыдықов тағы бір жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстанның Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Барлыбай Кәрімұлы Руанда Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Sadaq.kz. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Руанда Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", – делінген хабарламада.
Барлыбай Кәрімұлы – 1964 жылы 25 қыркүйекте туған. 1988 жылы СССР Қорғаныс министрлігінің Әскери институтын урду және ағылшын тілі бойынша аудармашы-референт мамандығы бойынша бітірген.
Өзінің дипломатиялық мансабын 1993 жылы Қазақстан СІМ Еуропа және Америка елдері басқармасының атташесі қызметінен бастады. Түрлі жылдары Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында және еліміздің Италия, Швейцария, АҚШ-тағы шет елдердегі мекемелерінде түрлі орындаушы және басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0