«Басым бос емес»: Ақбота-Нұр Сейтмағамбет жеке өміріндегі жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)
Қазақстандық танымал актриса әрі әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбет көпшілікті қызықтырған сұраққа нүкте қойып, жүрегінің бос емес екенін меңзеді. Өнер иесі жақында өткен іс-шаралардың бірінде оқыс мәлімдеме жасап, желі қолданушыларын шулатты. Бұл туралы Sadaq.kz RevueNews парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Актрисаның айтуынша, қазіргі уақытта оның көңілі өзге жанға ауған. Желіде тараған ақпараттарға сүйенсек, Ақбота-Нұр тағы да қалыңдық атануға дайындалып жүрген көрінеді. Ол өзінің сұхбатында «Басым бос емес» деп қысқа қайырып, құпия серігінің кім екенін ашып айтпады.
Дегенмен, бұл жаңалық оқырмандар арасында қызу талқыға түсті. Пікір қалдырушылардың бір бөлігі актрисаға бақыт тілеп жатса, енді бірі оның бұрынғы некесін еске алып, түрлі болжамдар жасауда. «Актрисаның жүрегін жаулаған сері кім?» деген сұрақ әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0