Батыс Қазақстан облысында прокурор суицид жасады

8 мамырға қараған түні Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында прокурор суицид жасаған, деп хабарлады turkystan.kz сайты.
«Мой город» сайтының ақпаратынша, аудандық прокуратураның қызметкері өз үйінің ауласында өз-өзіне қол жасаған. Аталған ақпаратты облыстық прокуратура растады.
«Аталған факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр. Облыстық прокуратура болған жағдайға байланысты қайғыра көңіл айтады», – деп мәлімдеді қадағалаушы орган өкілдері.
Тергеудің мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






