«Бәйтерек», «Жібек жолы»: Астанада LRT аялдамаларына жаңа атаулар берілді

Тамыз 19, 2025 - 12:29
 0  32
«Бәйтерек», «Жібек жолы»: Астанада LRT аялдамаларына жаңа атаулар берілді
Фото: City Transportation Systems ЖШС

Астана қалалық мәслихаты LRT желісінің аялдамаларына ресми атаулар бекітті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Енді жолаушыларға таныс нүктелер мен символдық орындар аялдамалардың атауына айналды.

Жаңа атаулардың тізімі:

101 — «Әуежай»

102 — «Атамекен»

103 — «Есіл»

104 — «Мәңгілік ел»

105 — «Астана жұлдызы»

106 — «Нұра»

107 — «Университет»

108 — «Ұлы дала»

109 — «Астана Арена»

110 — «Жекпе-жек сарайы»

111 — «Сығанақ»

112 — «Бәйтерек»

113 — «Министрліктер үйі»

114 — «Ұлттық музей»

115 — «Театр»

116 — «Мыңжылдық аллеясы»

117 — «Жібек жолы»

118 — «Нұрлы жол». 

Қала тұрғындары бұл атауларды ұзақ күткенін айтады. Әсіресе «Бәйтерек», «Жібек жолы» мен «Астана жұлдызы» сынды символдық атаулар елорданың келбетін айшықтай түседі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0