Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов Самұрық-Қазына директорлар кеңесінің отырысын өткізіп, қордың 2025 жылғы жұмысы мен инвестициялық жобаларын талқылады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің өскенін баяндады: кіріс – 19,1 трлн тг, EBITDA – 5,4 трлн тг, таза пайда – 2,1 трлн тг. Активтер $88 млрд-қа жетті (+9%).
Қордың инвестициялық портфелі 52 трлн теңгелік 120 жобаны қамтиды. 2025 жылы 1,1 трлн теңгеге 10 жоба аяқталды. 2026 жылы энергетика, көлік, цифрлық инфрақұрылым бағытындағы стратегиялық жобаларды іске қосу жоспарланған.
Премьер-министр ірі инфрақұрылымдық жобаларды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0