Белгілі кинорежиссер Ардақ Әмірқұлов өмірден өтті

Тамыз 5, 2026 - 11:45
chat_bubble  0 visibility  3
Белгілі кинорежиссер Ардақ Әмірқұлов өмірден өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Танымал кинорежиссер Ардақ Әмірқұлов дүниеден өтті. Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ардақ Әмірқұлов – 1955 жылы 10 желтоқсанда Жамбыл облысы Талас ауданындағы Ақкөл ауылында дүниеге келген.

«Ұлттық кино өнерін дамытуға саналы ғұмырын арнаған Ардақ Жамансарыұлы қазақ кинематографиясының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Дарынды режиссер, білікті ұстаз әрі тәлімгер ретінде бірнеше буын киногерлердің қалыптасуына ықпал етті.

Ардақ Әмірқұловтың «Отырардың күйреуі», «Абай», «Қош бол, Гүлсары!» және өзге де фильмдері ұлттық кино өнерінің алтын қорынан орын алды. Оның шығармалары ел тарихын, халықтың рухани құндылықтарын және адам тағдырын терең бейнелеуімен ерекшеленіп, көрермен қауым мен кәсіби ортаның жоғары бағасына ие болды.

Ардақ Жамансарыұлының жарқын бейнесі, өнегелі ғұмыры мен қазақ мәдениеті мен кино өнерінің дамуына сіңірген елеулі еңбегі халық жадында мәңгі сақталады.

Марқұмның жаны жәннаттан жай тауып, иманы саламат, жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0