Белгілі олигарх Шымкенттегі Мұз айдынынан айырылды

Маусым 18, 2024 - 15:00
Маусым 18, 2024 - 15:14
Белгілі олигарх Шымкенттегі Мұз айдынынан айырылды

Шымкенттегі ең ірі нысандардың бірі – Мұз айдыны мемлекетке қайтарылды. 2017 жылдан бері бұл спорт нысаны белгілі кәсіпкер Серікжан Сейітжановтың иелігінде болды.

«27 мамырда бірінші инстанция соты «Спорт сарайы» ЖШС-нің 67% үлесін жекеменшікке сату келісімін жойды. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ», – деді Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Дәурен Ергарин.

Жеті жыл бұрын қала әкімдігі «Мұз айдынының» 67% үлесін сатқан болатын. Бастапқы баға 996,9 миллион теңге болды. Шенеуніктер мемлекетке бұл нысанды ұстау тиімсіз екенін, соңғы бірнеше жыл бойы шығынға ұшырағанын айтқан еді.

Ақырында ЖШС үшінші аукционнан кейін 128 миллион теңгеге сатылды. Сатып алушы – кәсіпкер Сейітжановтың елеулі үлесіне ие «Мұнай Құрылыс Сервис» компаниясы.

orda.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow