Белгілі журналист Диас Ахметшәріп өмірден өтті

Белгілі журналист Диас Ахметшәріп өмірден өтті.
Диас Ахметшәріп 2025 жылдың 7 мамырында Ақтауда өткен ішкі істер министрлігінің көшпелі отырысы кезінде инсульт алып, комаға түскен еді. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалаған.
Диас Ахметшәріп еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған.
Ұзақ жылдар "Хабар" агенттігі мен "Қазақстан" телеарнасында спорт журналисі;
Qazsport мемлекеттік телеарнасының тұңғыш директоры, Insport телеарнасының бас редакторы;
2003-2007 жж.- ҚР Спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы;
2010 - 2012 жж.– "Астана-СК" корпоративтік қорының қоғаммен байланыс департаментінің директоры (Спортты қолдау қоры);
2012-2013 жж. - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының кеңесшісі қызметін атқарған.
Олимпиада және Азия ойындарының, Әлем чемпионаттарының спорт шолушысы және ҚР құрамасының баспасөз атташесі болған.
Сіздің реакцияңыз қандай?






