Берденов ісі: Ернар Жиембай 9 жылға сотталып кетті

Тамыз 20, 2025 - 12:18
Берденов ісі: Ернар Жиембай 9 жылға сотталып кетті
Фото: kursiv.media

Шымкенттегі атышулы қастандық ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Ернар Жиембайға 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот оны Қылмыстық кодекстің екі бабымен кінәлі деп тапты: 99-бап, 1-бөлік – «Адам өлтіру»; 24-бап, 3-бөлік – «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу, бірақ кінәліге байланысты емес себептермен аяқталмаған іс».

Еске салсақ, 21 сәуір күні Жиембай Шымкенттегі әкімдік ғимаратының маңында Руслан Берденовке оқ атқан болатын. Нәтижесінде қала әкімінің орынбасары ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow