Бестеректегі балалар өлімі: Жүргізушіге сот үкімі шықты

Желтоқсан 30, 2025 - 17:26
 0  14
Бестеректегі балалар өлімі: Жүргізушіге сот үкімі шықты
Фото: видеодан кадр

Бүгін Абай облысында Бестерек ауылында болған қайғылы жол-көлік оқиғасына қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Еске салайық, биыл тамыз айында жүргізуші ойнап жүрген бір топ баланы қаққан. Соның салдарынан 2 жастан 7 жасқа дейінгі төрт бала қаза тауып, тағы екі бала жарақат алды.

55 жастағы жүргізуші «эпилепсия» диагнозымен есепте тұрған және оған көлік жүргізуге тыйым салынған. Жол-көлік оқиғасы ұстама салдарынан болған. Жүргізуші өз кінәсін мойындады.

Қаза тапқан балалардың ата-аналары ең қатаң жаза тағайындауды талап етті.

Жүргізуші төрт баланың өліміне кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

— Көлік қағу салдарынан қаза тапқан екі жастағы баланың ата-анасына 20 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы тағайындалды.

— Жол-көлік оқиғасында үш баласынан айырылған ата-анаға сот 30 миллион теңге мөлшерінде моральдық өтемақы белгіледі.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0