«Бір кереуетті 1,2 млн теңгеге сатып алған»: Қызылордада облыстық аурухананың бас бухгалтері қамауға алынды

Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасының бас бухгалтері бюджет қаражатын ірі көлемде жымқырғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Тергеу материалдарына сәйкес, есепті медициналық кереуеттерді үш есеге қымбат бағамен сатып алған. Ал жалған баға ұсыныстарын жұбайы дайындап берген.
Тергеу кезінде күдіктілердің 111 млн теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды. Ал мемлекетке келтірілген 129 млн теңге көлеміндегі залал толық көлемде өтелді. Бас есепші 2 ай мерзімге қамауға алынды. Оның қылмыстық ісі сотқа жолданды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






