Біреуі қаза тапты: Египетте үш қазақстандық оқыс оқиғаға ұшыраған

Шарм-эш-Шейх әуежайында Астанаға дейін баратын DV5270 рейсіне отырар кезде үш қазақстандық әйелдің үстіне жарнама тақтасы құлаған, деп жазады saDaq.kz.
ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Шарм-эш-Шейх әуежайында рейсті күтіп тұрған жолаушылар тұрған аумақта жарнама тақтасы құлады. Оқиғаның салдарынан қазақстандық әйел мерт болды, тағы екі отандасымыз жарақат алды.
"Мерт болған адамның туыстарымен байланысқа шықтық, оларға барлық мәселе бойынша консул көмек көрсетіп жатыр. Зардап шеккен екі әйелге қажетті медициналық көмек көрсетілді, олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Мысыр тарапы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтып, шын жүректен өкініш білдірді. Мысырдың азаматтық авиация министрі болған оқиғаны өзінің жеке бақылауына алып, бірден арнайы комиссия жіберді", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Сіздің реакцияңыз қандай?






