Біреулер Оқу-ағарту министрлігін өртемек болды

Шілде 10, 2025 - 14:45
 0  38
Біреулер Оқу-ағарту министрлігін өртемек болды
фото: видеодан скриншот

Бүгін таңғы сағат 8 шамасында Астанадағы министрліктер үйінің 11-кіреберісінде өрт шықты. Белгісіз ер адам Оқу-ағарту министрлігінің ғимаратына кіріп, турникетке жанғыш қоспа лақтырған.

 – Министрліктер үйінің кіреберісінде өрт шығарған 24 жастағы азамат анықталып, полиция қызметкерлері ұстады. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өртті қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел сөндірген. Сондай-ақ ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0