Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған күні «Юлия супермен» хат жазысқан
Салтанат Нүкенованың жағдайына байланысты жедел жәрдем қызметін шақырудан бірнеше минут бұрын сотталушы Қуандық Бишімбаев WhatsApp-та әйелдермен қатар хат-хабар жазысып отырған, - деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
WhatsApp-тағы хаттарға сәйкес, 9 қарашада Бишімбаевқа блогер Гүлнара Насырбекова жазған.
«Сенен раушанның иісі шығады», - деп жазған Гүлнара Насырбекова.
Тағы оқыңыз: «Бишімбаевқа 25 жыл, Байжановқа 4 жыл»: Белгілі адвокат сотқа қатысты өз болжамын айтты
Еске сала кетейік, Бишімбаев түскі ас кезінде Гүлнар Насырбековамен бірге Bau мейрамханасындағы көршілес вип-кабиналардың бірінде кездескен. Бұл кезде Салтанат Нүкенова өлім аузында жатқан.
Сол түні Бишімбаев «Юлия супер» атты қызбен де сөйлескен. Айыпталушы ол хаттарды оқымауды, себебі ол жерде жеке әңгімелер барын айтқан. Алайда судья сонда да хаттарды оқып шықты.
Сағат 19:07-де Бишімбаев: Қалайсың?
Юлия супер оған: Бәрі жақсы, өзің қалайсың?
19:24-те Бишімбаев: Не істеп жатырсың? Боссың ба?
19:36-да Юлия супер: Кірпік жасатып жатқанмын. Боспын. Нешеде?
Бишімбаев судья мен прокурорларға «Юлия супер» кім екенін ақыры түсіндірмеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?