«Біз үшін өлді ме?»: Шымкент тұрғыны тікелей эфирдегі сөзі үшін 10 тәулікке қамалды

Қыркүйек 28, 2026 - 14:48
chat_bubble  0 visibility  15
«Біз үшін өлді ме?»:  Шымкент тұрғыны тікелей эфирдегі сөзі үшін 10 тәулікке қамалды
Фото: Видеодан скрин

Шымкентте TikTok эфирінде қаралы күнге қатысты айтқан сөзі үшін 21 жастағы Нұрахмет Бердібай 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жігіттің тікелей эфиріне назар аударған. Эфир кезінде көрермендердің бірі одан аза тұту күні туралы сұраған. Бұған жауап ретінде Бердібай қоғамға құрметсіздік танытатын сөздер айтқан. Құқық қорғау органдары оның әрекетін қоғамдық тәртіпті бұзу деп бағалаған. 

Аталған эфирге 22 жастағы Абзал Мусурманқұл мен Бақдәулет Мустафа да қатысқан. Оларға қоғамға жат әрекеттерге жол бермеу жөнінде ресми ескерту жасалып, бір ай мерзімге полицияның профилактикалық есебіне алынған. Ал Нұрахмет Бердібайға сот шешімімен 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Айта кетейік, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде теңізге кеткен әскери қызметшілердің 14-і қаза тапқан. Осы қайғылы жағдайға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қыркүйекті Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0