Бокстан Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан 1/2 финалда жеңіліп, қола медальға ие болды
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ұлан-Батыр қаласында (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.
Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында Моңғолия өкілі Билгуунсайхан Хархуумен жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша моңғолиялық спортшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Ал Махмұд Сабырхан Азия біріншілігін қола жүлдемен аяқтады. Айта кетейік, бұған дейін Валентина Хальзова (75 келіге дейін) қола жүлдеге ие болған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0