«Болашақ» шахтасындағы апат: Бір жұмысшы ауруханада жан тапсырды

Наурыз 11, 2025 - 17:28
«Болашақ» шахтасындағы апат: Бір жұмысшы ауруханада жан тапсырды
Фото: rawpixel

«Болашақ» шахтасындағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккен жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Хромтау ауданы Дөң-кен байыту комбинатына қарасты «Болашақ» шахтасының жұмысшысы ауруханада көз жұмды. 

"Барлығы 3 жұмысшы дәрігер көмегіне жүгінді. Олардың екеуі жақсы болып, үйіне шығарылды. Ал бір науқасқа полиағзалық жетіспеушілік диагнозы қойылып, санавиациямен Көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізілді. Алайда науқас көз жұмды", - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Ақтөбе облыстық еңбек инпекциясы департаментінің басшысы Жандос Әлімовтің айтуынша, төтенше жағдайдың негізгі себебін анықтау үшін шамамен бір айдай уақыт керек. Ал «Болашақ» шахтасы өз жұмысын қайта жалғастырған. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow