Бортта 7 адам болған: Ресейде Ан-3 ұшағы өртеніп кетті

Тамыз 21, 2026 - 11:44
chat_bubble  0 visibility  3
Бортта 7 адам болған: Ресейде Ан-3 ұшағы өртеніп кетті
Фото: ТАСС

Ресейдің Сахалин облысында Ан-3 ұшағы апатты жағдайда далаға қонып, өртенді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

ТАСС агенттігінің жазуынша,  оқиға Зональное ауылының маңында болған. Ресей ТЖМ-нің Сахалин облысы бойынша басқармасының мәліметінше, ұшақ бортында жеті адам болған.

Ұшақ апатты жағдайда қонғаннан кейін борттағы адамдардың барлығы дер кезінде эвакуацияланып үлгерген.

Ведомство мәліметінше, Ан-3 ұшағы әуе қорғанысы қызметіне тиесілі.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0