Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов ұсталды

Қазіргі уақытта күдікті Алматы қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Наурыз 1, 2024 - 20:08
 0  115
Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов ұсталды
Фото: ашық дереккөз

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов ұсталды. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының бұрынғы Мәдениет және спорт Вице-министрі ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды», – деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы ПД УҰИ-да қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 1
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0