Бүгін Астананың жартысы жарықсыз қалады
"Астана-РЭК" компаниясы Астананың кей аудандарында жарық өшетінін ескертті.
Нақты айтар болсақ, Сарыарқа, Есіл аудандары мен Көктал елді мекеніндегі үйлерде жарық өшіріледі.
"Астана-РЭК" АҚ 21 қараша күні жоспарлы электр қуатын өшіру туралы ескертті. Ажырату есептеу құралдарын орнату, апатты бағанды ауыстыру және ағаштарды бұтау жұмыстарына байланысты жүргізіледі.
Сарыарқа ауданы бойынша жарық сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін өшіріледі.
Электр қуаты келесі мекенжайлардағы үйлерде болмайды:
Затаевич көшесі, 7, 11 үй;
Потанин көшесі, 16, 18, 20 үй.
Сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін мамандар Ерзакович көшесі, 6 мекенжайында апатты бағанды ауыстырады және Тұрлыбаев көшесі, 15 мекенжайында ағаштарды бұтау жұмыстарын жүргізеді.
Көктал елді мекенінде де жарық өшіріледі.
Атап айтқанда:
Тілендиев даңғылы;
Ерзакович көшесі;
Турлыбаев көшесі;
Айсары көшесі;
Мұзбел тұйық көшесі;
12-39 көшесі;
12-95 көшесі;
Абайдың 150 жылдығы көшесі;
Қаражорға тұйық көшесі;
Арықты көшесі;
Радлов көшесі;
Ақпаев көшесі;
Теміржол көшесі;
Келешек көшесі.
Есіл ауданында жарық сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін өшіріледі.
Электр қуаты келесі мекенжайларда болмайды:
Орал көшесі, 8 үй;
Бөкейхан көшесі, 3, 5, 6, 7 үй.
Сіздің реакцияңыз қандай?