«Бүкіл елдің байлығын ұрлап жатыр»: депутат Самқұрық-Қазынаның таратылуын талап етті

Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов ұлттық әл-ауқат қоры «Самұрық-Қазынаның» қызметін қатты сынға алды. Ол қордың ашық еместігін және ел байлығының белгілі бір адамдардың қолында шоғырланып отырғанын айтып, бұл құрылымды таратуды ұсынды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
“Біз барлық байлығымызды ұрлауға ыңғайлы болсын дегендей бір қолға беріп қойыппыз. Менің ойымша, қорды таратып, оның активтерін бәсекелестік бар ортаға беру керек”, – деді депутат.
Активтер кімнің қолында?
Депутаттың айтуынша, қордың негізгі активтері бизнестің не екенін білмейтін, бірақ байлыққа кенелген тұлғалардың иелігінде.
Бұл мәселе қоғамда да, сарапшылар арасында да үлкен резонанс тудыруда. Мемлекеттік активтердің ашық әрі тиімді пайдаланылуы ел экономикасы үшін маңызды екенін атап өткен Жұбанов «Самұрық-Қазына» қорының қазіргі жұмыс форматы осы талаптарға сәйкес келмейтінін айтты.
Қорға аудит жүріп жатыр
Жоғарғы есеп палатасының мүшесі Нұрлан Нұржанов мәжілісменнің сынына жауап ретінде қордың қызметіне толық аудит жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, бұл жұмыс биылғы жылдың шілде айында аяқталады.
“Бұл мәселе бізді де өте қатты алаңдатады. Осыны ескере отырып, «Самұрық-Қазына» қызметіне аудит жүргізуді бастадық”, – деді Нұржанов.
Қорды тарату мүмкін бе?
Депутаттың бастамасы қоғамда үлкен талқы тудырғанымен, «Самұрық-Қазынаны» тарату мәселесі – мемлекет деңгейінде қабылданатын маңызды шешім. Бұл ұсыныстың жүзеге асуы көп факторға байланысты, соның ішінде аудит нәтижелері мен үкіметтің экономикалық саясаты шешуші рөл атқарады.
Сіздің реакцияңыз қандай?






