БҰҰ шешімі: Белсенді Мансур Мовлаевты экстрадициялауға тыйым салынды

Ақпан 24, 2026 - 18:23
Ақпан 24, 2026 - 18:24
 0  1
БҰҰ шешімі: Белсенді Мансур Мовлаевты экстрадициялауға тыйым салынды

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті Қазақстан билігіне шешен белсендісі Мансур Мовлаевты Ресейге экстрадициялауға тыйым салды. Бұл туралы Sadaq.kz хабарлайды.

Мансур Мовлаев — Шешенстан басшылығын сынап, өңірдегі адам құқықтарының бұзылуы туралы ақпарат жинаған белсенді. Ол 2025 жылы Алматыда ресейлік құқық қорғау органдарының сұрауымен ұсталған еді. Ресей тарапы оны «қорқытып ақша бопсалады» деп айыптаса, қорғаушылары бұл істің саяси астары бар деп есептейді.

2026 жылдың қаңтар айының соңында Қазақстанның Бас прокуратурасы Ресейдің экстрадициялау туралы сұранысын қанағаттандырған болатын. Алайда, 24 ақпанда БҰҰ Комитетінің араласуынан кейін жағдай өзгерді. БҰҰ Комитеті Мовлаевтың шағымы мәні бойынша қаралғанша оны Ресейге бермеу шараларын қамтамасыз етуді қолданды. 

БҰҰ-ның осы талабынан кейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты экстрадициялау процесін ресми түрде тоқтата тұрды. Белсендінің жақтастары бұл шешімді қабылдаған судья М.Ж. Омарбековаға алғыс айтып жатыр.

Бұған дейін Мовлаевқа Қазақстаннан босқын мәртебесін беруден бас тартылған еді. Енді оның тағдыры БҰҰ-дағы шағымның нәтижесіне тікелей байланысты болады.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0