«Бұрын күзетшіні өлтірді деген күдікке ілінген»: Экс-депутаттың ұлы танысының интимді видеоларын таратқан

Қаңтар 5, 2025 - 17:13
«Бұрын күзетшіні өлтірді деген күдікке ілінген»: Экс-депутаттың ұлы танысының интимді видеоларын таратқан
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Т. есімді азаматқа қатысты тағы бір қылмыстық іс түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Айта кетейік, бұл адам 2024 жылдың наурызында түн ортасында Алматыдағы тұрғын үйлердің біріне келіп, сырттағы күзетшіні көлігімен бірнеше рет басып кеткен. Артынша адамды қатты ұрып, ақыры мерт қылған.

Бүгін оның осы қылмысына қатысты іс сотқа түскен. Алайда, құзырлы мекеме тағы бір істі қарайтынын мәлім етті.

«Бірінші эпизод бойынша ол 2024 жылдың наурыз айында Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің күзетшісін өлтірді деп айыпталады. Екінші эпизод бойынша - ол өзінің А есімді танысының интимді видеоларын әлеуметтік желілерде таратқаны үшін айыпталады», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, күзетшінің өлім сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оны бұқаралық ақпарат құралдары таратып, іс резонансқа ие болды. Анықталғандай, күдікті 45 жаста және оның әкесі бұрын депутат болған. Күдікті ажырасқан және қарт әке-шешесімен бірге тұрған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow