ChatGPT енді елімізге салық төлейтін болды

Мамыр 27, 2025 - 09:40
ChatGPT енді елімізге салық төлейтін болды
Фото: Pixabay

ChatGPT бұдан былай Қазақстанда қосымша құн салығын төлейтін болды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті.

 — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті цифрлық экономикада ашықтық пен әділ салық салуды қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Жаһандық цифрлық платформалармен өзара іс-қимылды жетілдіру аясында 2025 жылғы мамырдан бастап OpenAI, L.L.C. компаниясы шартты түрде тіркелді, — делінген хабарламада.

Бұл — жасанды интеллект саласындағы жетекші америкалық ұйым, кеңінен танымал ChatGPT интеллектуалдық жүйесінің әзірлеушісі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow