«Дәретке кестемен баруға мәжбүрлеген»: Төрт жыл бойы балаларын далаға шығармаған ата-ана ұсталды

Мамыр 5, 2025 - 11:15
«Дәретке кестемен баруға мәжбүрлеген»: Төрт жыл бойы балаларын далаға шығармаған ата-ана ұсталды

Испанияның Овьедо қаласында полицейлер Германиядан көшіп келген философ пен оның әйелін қамауға алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ерлі-зайыптылар 4 жыл бойы 8-10 жастағы  үш баласын үй қамақта ұстап, сыртқы әлеммен байланысын үзген. Басты себеп – жұқпалы аурулар, соның ішінде ковид жұқтырып алады деп қорыққан.

La Nueva Espana басылымының мәліметінше, ерлі-зайыптылар балаларды қатаң бақылауда ұстаған. Сыртқы әлеммен байланысын үзген. Азық-түлікті курьер арқылы алдыртып отырған. Көршілер балалардың дауысын естіген, алайда оларды ешқашан көшеде жүргенін көрмеген. Сондықтан олар арада бір кінәрат барын сезіп, полиция шақыртқан.

Тексеріс кезінде балалардың жағдайы мүшкіл екені белгілі болды. Олар жаялықша киіп, медициналық маска тағып жүрген. Бірінші рет көшеге шыққан кезде тіпті шөпке қызыға қараған. Полицейлер ата-анасының дәретхананы қолдануға кесте енгізіп, медициналық каннабис енгізгенін айтады.

Балалар дәрігерлердің қарауында, ал ата-анасына қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow