Дәрігерлердің жалақасы өседі

Қаңтар 8, 2026 - 11:11
 0  0
Дәрігерлердің жалақасы өседі
Фото: ғаламтордан

Биыл инфекциялық саладағы дәрігерлер мен жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің жалақысы көбейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметтің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, 2026 жылы Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жадақысы артып, оларға қатысты зорлық-зомбылықтың жазасы күшейеді.

 «2026 жылдан бастап инфекциялық қызметтер мен жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің жалақысын арттыру көзделген, ал дәрігерлерге қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік қатаяды. Сақтандыру моделіне көшуді, халықты қамту көлемін кеңейтуді және медициналық қызметтер сапасын мемлекеттік бақылауды қалпына келтіруді көздейтін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру жөніндегі заң қабылданды», — денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

Айта кетейік, биыл Мәжіліс дәрігерлерді, соның ішінде жедел көмекке келетін жедел жәрдем қызметкерлерін ұрып-соғатындардың жазасын күшейтетін заң қабылдады. Өйткені, Қазақстанда бірнеше дәрігер науқастан соққы алып, арты ауыр зардаптарға әкеп соққан. Сондай-ақ, Астанада жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның өлімінен кейін 103 қызметкерлері жалақысы аз, қауіпі жоғары жұмысқа лайықты жалақы сұрап, бірнеше рет бас көтерген болатын. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0